Информатика, АКТ және робототехника (Педагогикалық ғылымдар)
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
DM 1269 Дискретті математика Бірінші курс 5 150 15 30
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
техн.ғ.к., доцент Ә.С. Төлеп

Пән білім алушыларға қолданбалы есептерді шығаруға бағытталған, математикалық әдістері мен моделдердің, тілдердің өзара тығыз байланысқан жиынтығы ретінде қарауға болатын математикалық аппаратты үйретеді. Жиындар теориясы элементтері, комбинаторика элементтері, логикалық алгебра функциялары, графтар теориясының элементтері, кодтау теориясы элементтерін үйретеді.

сыни ойлау, миға шабуыл, пікір алмасу, пікірталасу, проблемалық әдістер.

1нысандар арасындағы сандық және сапалық қатынастарды өрнектеу үшін арнайы математикалық белгілерді қолданады;
2жиындар теориясының негізгі ұғымдарын, жиындарға және бейнелеулерге қолданылатын негізгі амалдарды біледі
3негізгі комбинаторлық нысандарды алгоритмдік санауды (генерациялауды) түсінеді
4математикалық логика тілін және логикалық амалдарды, логика формулаларын, логика алгебрасы заңдарын біледі
5графтардың түрлерін анықтайды және олардың сипаттамаларын береді
6кодтық комбинациялардағы қателерді анықтау және түзету үшін қолданылатын тиімді кодтарды құрады
7қолданбалы есептерді шешу үшін жиындар теориясының аппаратын қолданады және бинарлық қатынастардың қасиеттерін зерттейді
8комбинаторлық есептерді шығару әдістерін меңгереді
9логикалық сипаттағы мәселелерді құрастырады және оларды шешу үшін математикалық логика құралдарын қолданады
10графтардағы алгоритмдермен және графтардағы экстремалды есептерді шешу әдістерімен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді
11берілген алгоритмдер бойынша ақпаратты кодтауды және декодтауды орындай алады
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Жиындар және оларға қолданылатын амалдар
2Қатынастар және олардың қасиеттері
3Функциялар
4Комбинаторикалық конфигурациялар. Орналастырулар. Алмастырулар. Терулер. Бином коэффициенттері және олардың қасиеттері
5Жиынды бөліктеу. Қамту және аластау қағидасы
6Логика алгебрасының функциялары. Формулалар
7Элементар функциялардың қасиеттері. Екіжақтылық принципі
8Буль функцияларының айнымалылар бойынша жіктелулері. Толықтық және тұйықтық
9Маңызды тұйық кластар
10Буль функцияларын минимизациялау
11Графтар және оларға ұқсас объектілер. Графтар изоморфизмі
12Графтар түрлері және оларға қолданылатын амалдар. Графтарды беру жолдары
13Ағаштар және олардың негізгі қасиеттері. Эйлерлік және Гамильтондық графтар
14Алфавиттік кодтау. Кодтаудың өзара бірмәнділігін тану мәселесі. Тиімді кодтау. Хаффман және Фано алгоритмдері
15Қателерді анықтайтын және түзететін кодтар. Хемминг коды
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12PÇ13PÇ14PÇ15
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Ә.С. Төлеп, Б.И. Ескараева. Дискретті математика. Теория және практикум. -Шымкент, 2020. -132 б.
2Ә.С. Төлеп, Б.И. Ескараева. Дискретті математика. Тапсырмалар мен жаттығулар. Оқу құралы. -Түркістан, 2021. -221 б.
3И. Оразов, Б. Алиханова, А. Шарипбай. Математические основы информатики. Учебное пособие, -Шымкент: Әлем, 2020. -192 с.
4Бейсеков Ж. Математикадан логикалық есептерді шығаруға арналған әдiстемелiк құрал.-Шымкент, 2017.
5Куанова С.Б. Дискретті математика: Оқу-əдістемелік құрал. - Алматы: «Тұран» Университеті, 2020. -144 б.
6Махмудова Ш.Д., Уразгалиева А.Н. Дискретная математика: Учебное пособие. /Западно-Казахстанский аграрно-технический университет им. Жангир хана. - Уральск: ЗКАТУ им. Жангир хана, 2021. -167c.