Дәстүрлі музыка өнері (Халық әні)
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
DK 1252 Дауыс қою Бірінші курс 3 90 - - 3
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Аға-оқытушы Сопбеков Сабит Оразханович

Бұл круста білім алушының ән айту процесінде тыныс алудың негізгі ережелерін, дауыс аппаратының вокалдық – техникалық дағдыларын жетілдіреді.  Оқу процесінде студенттер резонаторлардың негізгі түрлерін және артикуляциялық аппараттың әдістерін қолданады, олардың көмегімен дауыс диапазоны кеңейеді, сонымен қатар дауыстың тембральды бояуы күшейтіледі. Вокалдық жаттығулардың көмегімен студенттер дауыстың жоғарғы және төменгі регистрлерінің позицияларын шыңдайды.

Мамандық І

-

Орындаушылық, шығармашылық

1- Oрындаушылық интонация мәдениетін, музыкалық шығарманың стиліне сәйкес көркемдік экспрессивтілік құралдарының кешенін пайдалану шеберлігін жетілдіреді, әртістік, өз ойын білдіру еркіндігін, кәсіби қызметтің орындаушылық ерік-жігерін көрсетеді (ОН 6)
2- Oрындаушылық интерпретацияның, ұлттық мектептердің, орындаушылық стильдердің ерекшеліктерін талдау және бағалау әдістемесін қолдана отырып, музыкалық шығарманың жеке көркемдік шеберлігімен орындайды (ОН 8);
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Дауыс қою пәннің мақсаты, міндеттері.Ауызды ашу жолдары. Дауысты қалыптастыру негіздері. Ән салғанда дене тұлғасын дұрыс, еркін ұстау ережелері. Төменгі қабырға диафрагмалық тыныс алу түрін меңгеру, дыбыс тірегі. Диапазон және тембрлік дауысты анықтау.Шығармашылық
22 дыбыстан тұратын жаттығулар жасау. Дауыс аппаратының жұмысы. Тамақтың тұрақты қалпы, көмей, артикуляция, айқын дикция. Репертуар таңдау.Шығармашылық
3Демді үнемдеп шығару. Дауысты жоғары таңдай арқылы шығару. Әншілік тынысты ұйымдастыру. Ерлер және әйелдер дауысына арнайы жаттығулар.Шығармашылық
43-4 дыбыстан тұратын жаттығулар. Дауыс диапазонын кеңейту жұмыстары. Тембрді анықтау. Резонаторлар туралы түсінік, дауысты бірыңғайлық регистрлік қалпына келтіру.Шығармашылық
5Әндердің көркемдік тәсілдері: легато, стаккато, кантиленна. Музыканың дикция мен орфоэпияға әсері. Тональносты анықтау.Шығармашылық
6Әншілік тыныс, оның құрамдары, бөліктері, дем алу, дем шығару, дыбыстың тірегі. Әннің модуляциясымен жұмыс жасау.Шығармашылық
7Еріннің қозғалысы арқылы дауыс өзгерістерін реттеу. Берілген бағдарламаны жаттау, дайындау. Вокализдер, әндер, халық әндер.Шығармашылық
8Ән орындаудың-техникалық дағдыларын қалыптастыру жұмыстары, артикуляция, дыбыстың таза нысаныШығармашылық
9Дауыстың шарықтау, кеңейту жұмыстары. Дауыс бояуларын анықтау. Орындалатын шығармадағы сөз тіркестері мен буындардың таза және дұрыс айтылуын қалыптастыру.Шығармашылық
10Вокалдық көркемдік тәсілдері: легато, стаккато, кантилена, дыбыстың регистрлік бірыңғайлығы. Шығармалардың музыкалық-поэтикалық мазмұнын ашу, дауысты, дауыссыз дыбыстардың әдеби көркемдік бірыңғай айтылуы.Шығармашылық
11Ән орындау дағдыларын жетілдіру. Әннің метроритмикалық ерекшелігіне сай ырғақ өлшемі..Шығармашылық
12Күрделі халық әндерді меңгеру. Дауыс көркемділігі мен әсемділігі. Мелизмдер. Дауыс көркемдігі мен түрлі динамикалық тәсілдер.Шығармашылық
13Әндерге, шығармаларға, музыкалық теориялық талдау жасау, шығармалардың формасы, стилін, бағытын анықтау.Шығармашылық
14Көркемдік-орындаушылық шеберлігін шыңдау жұмыстары. Динамикалық тәсілдері, нюанстарды қолдану. Көркемдік ойлау қабілеттерін дамыту.Шығармашылық
15Әннің музыкалық-эпоэтикалық мазмұнын, мәнін ашу.Шығармашылық
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
11. «Голос» 99 упражнений для тренировки, развития и совершенствования вокальных навыков, М.Азбука 192 стр, 2019ж
22. Р.Стамғазиев «Домбырамен ән айту мектебі» Мерей баспасы 2017 ж.
33. Ән айтуды үйрету әдістемесі Шапаева С.А. Сыдықова Р.Ш. Шымкент «Әлем» баспасы 2015