Химия (Педагогикалық ғылымдар)
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
CKAC 3297 Химиялық кинетика және катализ Үшінші курс 5 150 1 - 2
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Абжалов Бағдат Садықұлы

Пән химиялық реакциялардың  жүру заңдылықтарын, гомогенді және гетерогенді катализдің механизмдерін оқытады. Білімгер өндірістік процестерде химиялық реакциялардың рөлін айқындайды, химиялық кинетика мен катализдің теориялық және қолданбалы аспектілері бойынша зертханалық тәжірибелер жүргізіп, реакция жылдамдығына концентрацияның, температураның, қысымның, катализатордың әсерін анықтайды. Қарапайым және күрделі реакциялардың механизмдері және оған әсер етуші факторлары бойынша реакция жылдамдығын есептеу дағдыларын қалыптастырады.

-

-

 

Сыни ойлау

Топпен жұмыс

1Білімгерлерге химиялық кинетика және катализ ғылымы, қазіргі таңдағы маңызы туралы түсіндіреді.
2Химиялық кинетика және катализ пәні бойынша эксперименттік тәжірибелерді орындауда, есептеулерде химияның негізгі заңдары мен теорияларын мақсатты пайдаланады, қажетті жаңа ғылыми ақпаратты іздеуді дербес жүргізе алады.
3Химиялық кинетика және катализдің теориялық негіздері бойынша нақты мәселені талқылайды және пәндік саланы терең игереді, заманауи зерттеулердің нәтижесін кәсіби қызметінде пайдаланады.
4Химиялық кинетика және катализ пәні аясында алған білімдері негізінде химиялық тәжірибелер жоспарлап, жүргізеді, нәтижелерін болжай біледі, есептерді шығарудың тиімді және түсінікті әдістерін енгізеді.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Химиялық кинетиканың негізгі постулаттары. Химиялық реакцияның реттілігі және молекулалығы.Сұрақ-жауап
2Қарапайым және күрделі реакциялар. Химиялық реакциялардың ретін және жылдамдық константасын анықтау.Ауызша
3Қайтымды, параллель, түйіндес күрделі реакциялардың кинетикалық теңдеулері.Жазбаша
4Активтендіру энергиясы. Активтену энергиясын анықтау әдістері.тест
5Фотохимиялық реакциялар. Фотохимия заңдары. Эйнштейннің фотохимиялық эквивалент заңы және оның фотохимиялық реакциялар кинетикасындағы ролі.Ауызша және жазбаша
6Тізбекті реакциялар. Химиялық ауысулардың тізбекті механизмі және оның элементар сатыларыЖазбаша
7Активті соқтығысу теориясы. Соқтығысулардың газокинетикалық диаметрі. Серпілмелі және серпілмелі емес соқтығысулар.презентация
8Аралық күй теориясы. Активті комплекстің қасиеттері. Активті комплекс теориясының жуықтаулары.Сұрақ-жауап
9Гетерогенді реакциялардың кинетикасы. Сыртқы және ішкі диффузия заңдылықтары.Жазбаша
10Қазіргі өндірістердегі катализдің ролі. Өндірістік катализаторлар мен өндірістік процестердің жіктемесі.Ауызша
11Өндірістік катализаторларға қойылатын талаптар (активтілігі, талғамдылығы, тұрақтылығы, улануға тұрақтылығы, кеуектілігі т.б.).Ауызша және жазбаша
12Активті ансамблдер теориясы. Тасымалдауыш бетіндегі металдың активті фазасының құралуының энергетикалық және геометриялық заңдылықтары. Мультиплетті және активті ансамблдер негізінде каталитикалық орталықтарды салыстырылмалы талдау.Сұрақ-жауап
13Гетерогенді катализ реакцияларын жүйелеу. Реакцияның жүру сатылары. Каталитикалық реакциялар механизмдері мен кинетикасы және оларды сипаттау теңдеулері. Реакциялық ортаның әсері.тест
14Катализатордың меншікті каталитикалық активтілігі және селективтілігі мен талғағыштығы. Г.К. Боресковтың ережесі.Жазбаша
15Катализаторлардың химиялық құрамы мен құрылымының олардың каталитикалық қасиеттеріне әсері. Рогинский тұжырымы.презентация
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12PÇ13PÇ14PÇ15PÇ16
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Химиялық кинетика: оқу құралы. Түркістан, 2014. Р.Н.Нұрділлаева.
2Физикалық химия пəні бойынша есептер (химиялық кинетика жəне электрохимия): оқулық. 2016. Шабікова Г.Х., Оспанова Ә.Қ., Ашимхан Н.С.
3Химическая кинетика. Учебное пособие.Екатеринбург: Изод-во Урал ун-та. 2016. В.С.Черепанов, Т.В.Аксенова.
4Тестовые вопросы по физической химии (кинетика и электрохимия): учебное пособие. 2016. Оспанова А.К., Сейлханова Г.А.,Сыздыкова Л.И., Жусупова А.К.
5Химиялық кинетика. Оқу-әдістемелік құрал. 2019. М.Алтынбекова.
6Физикалық химия пәні бойынша тесттер (химиялық кинетика және электрохимия). 2016. Оспанова А.К., Сыздыкова Л.И., Сейлханова Г.А., Жүсіпова А.
7Термодинaмикa и кинетикa электрохимической коррозии. 2018. Оспaновa А.К., Сaвденбековa Б.Е. и др.