Стоматология (ВМ087)
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
BH 2284 Биологиялық химия Екінші курс 4 120 15 30 -
Пәннің сипаттамасы
Қазақ тілі
Мамырбекова А.К., Еримова А.Ж., Ширинбекова Б.Ж.

Пән адам организмінің биохимиялық көрсеткіштерін, тіндік деңгейдегі процестерді және қалыпты механизмдерін оқытады. Курс барысында білімгерлер биохимиялық анализдерді талдау,  аурулардың  белгілерін анықтау, дұрыс диагноз қою үшін  биологиялық сұйықтықтардың, гормондардың биохимиясын, ферменттер мен витаминдердің тіршілік үшін маңызын анықтау және тиімді емдеуге бақылау жасау дағдыларын меңгереді. Үздіксіз жеке және кәсіби өсу үшін денсаулық сақтау саласындағы заманауи ғылыми жетістіктерді қолдануға машықтанады.

Жалпы патология, Фармакология, Модуль – Ауыз қуысының патологиясы.

Модуль - Тіршілік негіздері 1, Модуль - Тіршілік негіздері 2.

Дәріс: баяндау, пікір алмасу.

Тәжірибелік сабақтар: ауызша талдау, есептер шығару, тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, студенттердің білім деңгейін бақылау, құзіреттіліктерді меңгеруі бойынша тиімді кері байланыс, MCQ, PAL, SAQ, SGL, TaskBL - пәннің ерекшелігіне байлнысты тиісті оқыту әдісі таңдалады.   

Білімгерлердің оқытушымен бірлескен өзіндік жұмысы (ОБӨЖ): өткен тәжірибелік сабақтарында қарастырылған сұрақтарды тереңдетіп оқу, өз бетімен оқуға арналған тақырыптар және туындаған сұрақтар бойынша оқытушыдан кеңес алу.

Білімгерлердің өзіндік жұмысы (БӨЖ): тәжірибе түрінде орындалады деп көрсетілген тақырыптарды өз бетімен оқу, компьютерлік модельдер және бағдарламалармен жұмыс, шағын топтарда жұмыс, қосымша әдебиеттермен, электрондық ақпарат тасымалдаушылармен жұмыс, презентация, ғылыми рефераттар дайындау және қорғау.

Мүмкіндігі шектеулі білімгерлер үшін құрылымдық бөлімдермен бірлесіп, мамандандырылған бейімдеу пәндерін (модульдерін) енгізудің оқыту әдістерін, формаларын, бақылау түрі мен уақыт мөлшерін пән оқытушысы өзгерте алады.

1ПОН 1 - Дәрігерлерді дайындауда биохимияның маңызы, ауруға диагноз қоюға және метаболизм ауытқуларына түзетулер енгізуде қазіргі заманғы биохимиялық әдістер туралы түсінік біледі.
2ПОН 2 – Адам ағзасындағы белоктардың, нуклеин қышқылдарының, көмірсулардың, липидтердің, минералдардың, дәрумендер мен гормондардың биохимиясын және биохимиялық процестердің заңдылықтарын, метаболизм ерекшеліктерін түсінеді.
3ПОН 3 - Аурулардың белгілерін анықтау және дұрыс диагноз қою үшін биохимиялық анализдерді талдау дағдыларын меңгереді.
4ПОН 4 - Үздіксіз жеке және кәсіби өсу үшін адам ағзасында болатын биохимиялық процестердің мәні мен олардың реттеу механизмдерін зерттеудегі заманауи ғылыми жетістіктерді қолдануға машықтанады.
5ПОН 5 - Компьютерлік технологияны және әдеби дереккөздердің ақпараттық дерекқорын пайдалана отырып, биохимия саласындағы заңдылықтар, эксперименттік зерттеулер және ғылыми жаңалықтар бойынша ақпаратты жүйелендіруге машықтанады.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Лекция №1. Кіріспе. Ақуыздардың құрылысы мен қызметтері. Тәжірибелік сабақ Белоктардың құрылысы және функциялары. Белоктардың жалпы қасиеттері.
2Лекция №2. Ферменттердің құрылысы мен қызметтері. Тәжірибелік сабақ Ферменттер. Ферменттердің жалпы қасиеттері. Ферменттердің белсенділігінің реттелуі.
3Лекция №3. Тағам биохимиясы. Витаминдер. Тәжірибелік сабақ Тағам биохимиясы. Витаминдер.
4Лекция №4. Зат алмасуға кіріспе. Клетканың биоэнергетикасы және катаболизмнің жалпы жолдары. Тәжірибелік сабақ Зат алмасуға кіріспе. Энергетикалық алмасу.
5Лекция №5. Көмірсулардың алмасуы мен қызметі. Глюкоза катаболизмінің анаэробты және аэробты жолы. Тәжірибелік сабақ Көмірсулар алмасуы. Көмірсудың қорытылуы мен сіңірілуі. Анаэробты гликолиз. Гликонеогенез.
6Лекция №6. Глюконеогенез. Глюкозаның пентозофосфатты жолмен ыдырауы. Қанның құрамындағы глюкозаны реттеу. Тәжірибелік сабақ Аралық алмасуы. Аэробты гликолиз. Глюкозаның пентозофосфатты жолмен ыдырауы. Қанның құрамында глюкозаны анықтау.
7Лекция №7. Липидтердің алмасуы мен қызметі. Тәжірибелік сабақ Липидтердің қорытылуы мен сіңірілуі. Жоғары май қышқылдары және кетонды денелердің алмасуы.
8Лекция №8. Триацилглицериндер фосфолипидтер мен холестериннің клетка ішілік алмасуы. Липидтердің алмасуының бұзылуы мен реттелуі. Тәжірибелік сабақ Триацилглицериндер, фосфолипидтер мен холестериннің клетка ішілік алмасуы. Липидтердің алмасуының бұзылуы мен реттелуі.
9Лекция №9. Ақуыздар мен амин қышқылдарының алмасуы. Тәжірибелік сабақ Ақуыздардың қорытылуы мен сіңірілуі. Амин қышқылдар алмасуының жалпы жолдары. Кейбір амин қышқылдарының алмасу ерекшеліктері.
10Лекция №10. Аммиактың алмасуы мен залалсыздандыру жолдары. Нуклеотидтердің алмасуы. Зат алмасудың өзара байланысы. Тәжірибелік сабақ Амиактың алмасуы мен залалсыздандыру жолдары. Биологиялық сұйықтықтардағы азоттың және липидтік алмасудың көрсеткіштерін анықтау.
11Лекция №11. Қан биохимиясы. Тәжірибелік сабақ Қанның биохимиясы. Органикалық және неорганикалық құрам бөліктері.
12Лекция №12. Тұз-су алмасуы. Бүйрек және зәр биохимиясы. Тәжірибелік сабақ Зәрдің биохимиясы. Қалыпты және патологиялық зәрдің құрам бөліктері. Зәрдің қалыпты және патологиялық құрамын анықтау.
13Лекция №13. Зат алмасуының реттелуі. Гормондар биохимиясы. Тәжірибелік сабақ Гормондар биохимиясы. Заттар алмасуының гормондармен реттелуі.
14Лекция №14. Тіс ұлпасының биохимиясы. Тәжірибелік сабақ Тіс ұлпасының биохимиясы. Тіс ұлпаларының химиялық құрамының ерекшеліктері.
15Лекция №15. Дәнекер және сүйек ұлпасының биохимиясы. Тәжірибелік сабақ Дәнекер және сүйек ұлпаларының биохимиясы.
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Биохимия: Оқулық 2015. Е.С.Северин.
2Биохимия: Оқулық. 2022. Р.Дилбарканова.
3Биологиялық химия: теория және практика: оқу-әдістемелік құрал. 2020. Ә.Е.Ережепов.
4Биохимия практикумы: оқу-әдістемелік құралы. 2019. Р.Е. Ниязова.
5Биохимия. 2020. А.Ж. Сейтембетова, С.А. Блудова.