Шетел филологиясы (ағылшын тілі)
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
ATS 4306 Ағылшын тілінің стилистикасы төртінші курс 4 120 1 1 6
Пәннің сипаттамасы
Ағылшын тілі
Мейірбеков Асылбек Қайратбекұлы

Білім алушыларды ағылшын тілінің стилистикасы пәнінің мазмұны, мақсаты мен міндеттерімен таныстырады. Оларды ағылшын тілінің функционалдық стилдері мен стилистикалық амалдары жайлы ақпараттармен қаруландырып, ағылшын тіліндегі мәтіндерге стилистикалық талдау жасауды үйретеді. Бұл курс студенттерді стилистиканың негізгі ұғымдары жайлы білімін қалыптастыруға арналған: стилистикалық функциялар, нормалар мен әдістер; әдеби ағылшын тілінің ауызша және жазбаша нұсқаларының негізгі дифференциалды ерекшеліктері; ағылшын тілінің сөйлеу регистрлерін (функционалды стильдерін) жіктеу; функционалды стильдердің негізгі функциялары мен ерекшеліктері.

-

Ағылшын әдебиеті І, Ағылшын тілінің лексикологиясы

1.    Ақпараттық дәрісбаян
2.    Көрнекілі дәрісбаян
3.    Талқылау
4.    Топпен жұмыс
5.    Әдеби шығармаларды стилистикалық талдау
6.    Мультимедиялық презентациялар әдісі
7.    Семинар
8.    Модульдік оқыту технологиясы
9.    Brainstorming

1Фонетикалық, синтаксистік, лексикалық стилистикалық құралдармен танысып, олардың өзара айырмашылықтарын көрсетеді;
2Ағылшын тіліндегі күнделікті тұлғааралық тілдік қарым-қатынас барысында стилистикалық құралдарды қолдануға жаттығады және оларды түсінеді;
3Ағылшын тіліндегі әдеби шығармалардағы стилистикалық амалдардың қолданылуына байланысты аталмыш шығармаларға стилистикалық талдау жасап, анықталған стилистикалық амалдардың атқаратын функцияларын ажырата білуді үйренеді;
4Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фонетикалық, синтаксистік, лексикалық стилистикалық құралдарды өзара салыстырып, аталмыш стилистикалық құралдардың ағылшын және қазақ тілдеріндегі қолдануындағы айырмашылықтарын анықтайды;
5Ағылшын тілінің стилистикасы пәнін оқу үдерісі барысында қол меңгерген барлық білімін ағылшын тілінде тұлғааралық тілдік қарым-қатынас барысында қолданады;
6Ағылшын тіліндегі фонетикалық стилистикалық құралдардың тілдік қарым-қатынас барысында атқаратын қызметтерін анықтайды, сонымен қатар ағылшын тіліндегі фонетикалық стилистикалық құралдарды өз сөзінде де орынды қолданады.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Функционалдық стилдер және стилистика. Стилистика және оның міндеттері.
2Экспрессивті құралдар мен стилистикалық амалдар
3«Мағына» терминін стилистикалық тұрғыдан қарастыру: 1. Жалпы тіл біліміндегі «мағына» термині нені білдіреді; 2. Сөздің көп мағыналылығы; 3. Денотативті мағына.
4Фонетикалық экспрессивті құралдар және стилитикалық амалдар: 1. Жалпы сипаттама; 2. Ономотапия; 3. Аллитерация мен ассонанс; 4. Ритм мен рифм.
5Лексикалық экспрессивті құралдар мен стилистикалық амалдар: Бафос, Метафора, Метонимия, Ирония.
6Лексикалық экспрессивті құралдар мен стилистикалық амалдар: Зевгма, Каламбур, Эпитет, Оксюморон, Антономасия.
7Лексикалық экспрессивті құралдар мен стилистикалық амалдар: Салыстыру, Перифраз, Эвфемизм.
8Лексикалық экспрессивті құралдар мен стилистикалық амалдар: Гипербола, Клише, Мақал-мәтелдер, Дәйексөздер.
9Синтаксистік экспрессивті құралдар мен стилистикалық амалдар: Стилистикалық инверсия.
10Синтаксистік экспрессивті құралдар мен стилистикалық амалдар: Параллель құрылыс, Хиазм.
11Синтаксистік экспрессивті құралдар мен стилистикалық амалдар: Қайталау және оның түрлері, Стилистикалық санау.
12Синтаксистік экспрессивті құралдар мен стилистикалық амалдар: Шарықтау шегі (градация), Антитеза.
13Синтаксистік экспрессивті құралдар мен стилистикалық амалдар: Асиндетон, Полисиндетон.
14Синтаксистік экспрессивті құралдар мен стилистикалық амалдар: Эллипс, Баяндаудағы үзіліс (апосиопезис), Сұрақ-әңгімеде.
15Синтаксистік экспрессивті құралдар мен стилистикалық амалдар: Риторикалық сұрақтар, Литоттар.
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8PÇ9PÇ10PÇ11PÇ12
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
1Routledge стилистика анықтамалығы. Оқулық. Routledge, 2014. Майкл Берк
2Стилистика. Студенттерге арналған ресурстық кітап Taylor & Francis e-Library, 2014. Пол Симпсон
3Ағылшын стилистикасы. Нұсқаулық (оқу-әдістемелік құрал). Павлодар. Кереку,2014 Ю.О.Гафиатулина
4Гиббонс А., Уайтли С. Қазіргі стилистика: тіл, таным, интерпретация. – Эдинбург университетінің баспасы, 2018 ж.
5Стоквелл П., Уайтли С. (ред.). Стилистиканың Кембридж анықтамалығы.– Cambridge University Press, 2014.
6Симпсон, П. (2014). Стилистика: Оқушыларға арналған ресурстық кітап.
7Энквист Н.Е. Лингвистикалық стилистика. – Walter de Gruyter GmbH & Co KG, 2016 ж.
8Сан Сегундо П.Р., Кабалеро Г.Н. Қолданудағы стилистика. – Cambridge Scholars Publishing, 2016 ж.
9Лесли Джеффрис, сыни стилистика, Bloomsbury Publishing, 2015 ж.
10Дэн МакИнтайр, Лесли Джеффри Стилистиканы оқыту: EE Каммингс Пальгрейвте алдыңғы қатарға шығу, Макмиллан, Лондон, 2017 ж.