Стоматология (ВМ087)
Сабақтың коды Курс аты Сынып Академиялық кредит Cағат Апталық сабақ сағаттары (лекция) Апталық сабақ сағаттары (практика) Апталық сабақ сағаттары (зертханалық)
AAP 33146 Алмалы және алынбайтын протездеу Үшінші курс 8 240 2 4 -
Пәннің сипаттамасы
Орыс тілі, Қазақ тілі
Сиздиков Максуджан

алынбайтын және алмалы протездеуді қолдану көрсеткіштерін, толық тіссіздік кезінде және тіс қатарының ішінара ақаулықтары кезінде тіс қатарын алмалы және алынбайтын протездермен қалпына келтіруді, толық тіссіздік жағдайында альвеола өсіндісінің жағдайына баға беріп, толық тіссіздік жағдайына нақтама қойып протез конструкциясын дұрыс таңдауды үйретеді. Курс барысында білім алышулар тұтас құйылған металл керамикалық сауытқа арнап тісті егеу, қалыптық массаны таңдау және науқастың ауыз қуысынан қалып алу дағдыларын меңгереді.

Гнатология, ортопедиялық стоматология, имплантология.

 

Тісморфологиясы және физиологиясы, модуль-Стоматология негіздері (Терапиялық, ортопедиялық және хирургиялық стоматология негіздері).

ауызша талдау, есептер шығару, тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, студенттердің білім деңгейін бақылау, құзіреттіліктерді меңгеруі бойынша тиімді кері байланыс.

1ПОН 1 – тіс-жақ жүйесінің анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктері және биодинамикасының, эстетикалық және функционалды қызметтердің маңыздылығы туралы білім қалыптастырады.
2ПОН 2 – ортопедиялық стоматологияда қолданылатын алынбайтын және алмалы протездеуді қолдану көрсеткіштерін, толық тіссіздік кезінде және тіс қатарының ішінара ақаулықтары кезінде тіс қатарын алмалы және алынбайтын протездермен қалпына келтіруді меңгереді; ПОН 3 – толық тіссіздік жағдайында альвеола өсіндісінің жағдайына баға беріп, емдеуді жоспарлауды үйренеді.
3ПОН 4 –алмалы және алынбайтын протездердің клиникалық және зертханалық кезеңдерін танысып, оның ерекшеліктеріне көңіл бөліп тәжірибеде қолдануды үйренеді.
Haftalık KonuБағалау әдісі
1Көпір тəрізді протездердің биомеханикасы. Көпіртәрізді протездердің көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдері. Көпір тəрізді протездеудегі қателіктер мен асқынулар.Тәжірибелік
2Қалып массалары және интроораль 3Д сканер көмегімен алынбайтын және алынбалы конструкцияларға қалып алу әдістері.Тәжірибелік
3Штампталып, дәнекерленген металл көпір тәрізді протездер. Толық құйылмалы көпір тәрізді протез.Тәжірибелік
4Тірек тістердегі штифті көпір тəрізді протез.Тәжірибелік
5Металлопластмассалы көпір тәрізді протез. Металлокерамикалық көпір тәрізді протез. Металлсыз керамикалық көпір тәрізді протез.Тәжірибелік
6Адгезивті көпір тәрізді протез. Телескопиялық көпір тәрізді протез. Жіктелуі, қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері.Тәжірибелік
7Дентальды керамиканың жіктелуі. Дентальды импланттарға арналған көпір тәрізді протездер. Жіктелуі, қолдану көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері.Тәжірибелік
8Жартылай тic қатары болмаған да тic қатарлары ақауларының жіктемесі немесе тіс қатары толық болмағанда шырышты қабаттың және жақ сүйегінің жағдайына байланысты жіктелуі.Тәжірибелік
9Жартылай алмалы-салмалы пластиналы протезге анықтама, қолдану көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері, жартылай алмалы-салмалы пластиналы протезге бөліктері, клиника лабораториялық кезеңдері.Тәжірибелік
10Жартылай алмалы-салмалы пластиналы протезге бөліктеріне қойылатын талаптар,тіс қатары ақауына байланысты кламмер таңдау, жартылай алмалы-салмалы пластиналы протезге кезіндегі қателіктер.Тәжірибелік
11Доғалы протездерді дайындау. Доғалы протездердің құрам элементтері. Кламмерлі жүйе. Доғалы протездің толыққұйылған қаңқасын әзірлеу тәсілдері. Параллелометр. Параллелометрия тәсілдері. Металл базисті алмалы протез әзірлеу технологиясы.Тәжірибелік
12Әртүрлі жүйедегі бекітілістерді қолдана отырып алмалы конструкцияларды әзірлеу технологиясы. (аттачмендер, телескопиялық жүйе)Тәжірибелік
13Тістерін толық жоғалтқаннан кейінгі тіс жақ жүйесінің анатомиялық функциональді күйі. Жеке-дара қасық әзірлеу. Тістердің толығымен болмауы кезінде жақтардың орталық қатынасы туралы ұғым. Окклюдаторлар мен артикуляторлар. Түрлері. Артықшылығы. Алмалы-салмалы протездердің түрлері, толық пластинкалы протездердің құрылымдық элементтерінінің сипаттамасы.Тәжірибелік
14Тістердің толығымен болмауында жасанды тістерді орнату әдістері. Шыны бойынша орнату. Тістерді «нүктелі » орнату. Жекелей құрылғын окклюзиялық бет бойынша тістерді орнату. Тістемнің әртүрлі аномалиясы кезінде тістерді орнату.Тәжірибелік
15Жұмсақ эластикалық төсеніші бар толық алмалы протезді әзірлеу ерекшелігі және көрсеткіші.Тәжірибелік
Пәннің оқу нәтижелерімен байланысы
PÇ1PÇ2PÇ3PÇ4PÇ5PÇ6PÇ7PÇ8
Оқулық / Материал / Ұсынылатын ресурстар
11. Ортопедиялық стоматалогия пропедевтикасы. 2015. С.Р.Рузиддинов, И.Ә..Кулманбетов, Ю.С.Лобанов. 1. Ортопедиялық конструкцияларды дайындаудың клиникалық-лабораториялық кезеңдері: 2014. С.Ж.Әлімжанов.